ШҚО-ның мектептері жаңа автобустар алды

173
көрілім


Президент тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың қолдауымен оқушыларды мектепке қауіпсіз тасымалдау үшін ШҚО білім басқармасы жаңа 11 мектеп автобусын сатып алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласына үш автобус, Риддер қаласына, Алтай ауданының Серебрянск қаласына, Күршім, Катонқарағай, Шемонаиха, Глубокое аудандарына бір-бірден және Ұлан ауданына екі автобус берілді. Жаңа автобустар барлық қажетті техникалық талаптарға жауап береді, жылдамдықты шектегіштермен, қауіпсіздік белдіктерімен, ауаны баптау жүйесімен жабдықталған, «балалар», «мектеп автобусы» деген жазулар, қозғалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін шағылыстыратын ленталар бар. Аталған автобустар ерекше қажеттіліктері бар балаларға да бейімделген: автобустарда пандустар мен жүргізушіге қоңырау шалу түймелері бар.