Шығыс Қазақстанда бірегей кітаптар шығарылады

320
көрілім

Облыс тұрғындары жаңа кітаптарды көріп, жаңа есімдермен таныс болмақ. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана жерлес-жазушылар кітабының топтамасын басып шығаруға әзірленуде.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының кітапханаларында Марат Қабанбаевтың «Арыстан, мен және виолончель» атты повесттер жинағы пайда болады. Бұл басылым жас оқырмандарға арналған. Марат Қабанбаев — біздің облыстағы жалғыз балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ханс Кристиан Андерсен атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Өкінішке орай, бұл тамаша жазушы қазір арамызда жоқ, бірақ оның шығармашылығы оқырмандарға жол тартпақ.

Андрей Кратенконың «Еуразия орталығында: киелі орындарға саяхат» атты фотосуреттермен бай көркемделген кітабы шығарылады. Белгілі жазушы-табиғат зерттеушісі Борис Щербаковтың «Алтай қорығының тайгалық графтығы» атты жаңа еңбегі ұсынылады.

Оқырмандар біздің жерлестердің мәдени мұрасы туралы басылымдармен қатар басқа да көптеген кітаптарды көре алады.

Бұл кітаптардың барлығы «Абай әлемі» жобасының аясында шығарылмақ. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана директоры Ақжігітова Қабиба Мұрзақанқызы ол туралы сүйсіне баяндайды: «Қазір біздің тізімде 17 жазушының есімі бар. Бірақ облыс әкімі Даниал Ахметов бұл тізімді кеңейтіп, біздің аймаққа қатыстының барлығымен толықтыруды тапсырып отыр. Ақпарат жинау жалғасын табуда. Онымен айналысатын жұмыс тобының құрамына ғалымдар мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері кіреді. Жергілікті авторлардың басылымдарына баға беру бойынша кеңеске Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстандық бөлімінің төрағасы Әлібек Қаңтарбаев басшылық етеді».

«Абай әлемі» кітап топтамасы бес жылға шамаланған. Жыл сайын жаңа кітаптар шығып отырады, оқырмандар жаңа есімдермен танысады. Жобада бұрын басылып шықпаған немесе аз тиражбен шыққан авторларға баса назар аударылады.

«Абай әлемі» әдеби жобасы дарыны бірыңғай ұлттық-мәдени тамырларға негізделген жазушылардың шығармашылығын танытуға шақырады. Топтама «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жаһандық әлемдегі Қазақстанның мәдениеті» базалық бағыты бойынша басылып шығарылады.