Шығыс Қазақстанда толеранттық мектептер жұмыс істейді

313
көрілім

Толеранттық мектеп — бұл мейірімділікке үйретудің өзіндік алаңы. Оны жасаушылар осындай мақсат қояды. Мектептер жылына екі рет ұйымдастырылады. Оны өткізуге Қазақстан халықтары Ассамблеясы атынан Достық үйі, Сәрсен Аманжолов таныдағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті мен Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті қатысады. Мектептерде қаламыздың төрт ЖОО-ның студенттері дәріс алады. Оларға дәрістер, тренингтер, флеш-семиналар, вебинарлар өткізіледі.

Мектеп жұмысына ШҚО жоғары оқу орындарының оқытушылары ғана емес, Ресейдің ғалымдары да өз үлесін қосуда. Осындай мектептердің біріне тарих ғылымдарының докторы, Иркутск Мемлекеттік университетінің профессоры, аты әлемге белгілі ғалым Виктор Иннокентьевич Дятлов қатысқан болатын. Әр мектептің қандай да бір белгілі бағыты бар. Дәріс алушылар бағыттың аясында таңдалған тақырыптар бойынша ғылыми жобалар дайындап, қорғайды және замануи демография мен этнология мәселелерін талқылайды. Осы жылдың қыркүйек айында өткізілген соңғы мектеп «XXI ғасырдың көші-қон шақырулары» деп аталды.

— Біздің ниетіміз қандай болады? Біз үшін мигрант — бұл бөтен адам. Ал ол біздің адам. Оның мәселесі біздің мәселеге ұқсайды. Сондықтан оны түсініп, қабылдауымыз керек. Оған адамгершілікпен қарауға тиіспіз,- дейді мектепті құрушылардың бірі, профессор Александр Алексеенко.