Шығыс Қазақстандағы жастар Форумы мыңнан астам адам жинады

305
көрілім

25 қарашадан 27-cін дейін Қазақстанны Бірінші Президенті Күні қарсаңында Семей қаласында «Біздің №1» атты облыстық жастар форумы өтті. Оның мақсаты жастардың көшбасшыларын «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту республикалық бағдарламасын жүзеге асыруға тарту болып табылады.

Форум бағдарламасында делегаттар ШҚО Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Жастардың көшбасшыларна арналған семинар-тренингтер өтті. Форумға қатысушылар әлеуметтік желідегі қауіпсіздік пен әдеп мәселелерін зерттеді. Жұмыс қазақ және орыс тілдеріне жүргізілді.

ШҚО ішкі саясат басшысының орынбасары Серік Жеңісов: «Форум ауқымды болды. Қаншама адам жиналғанын қараңыздар! Мың адамдай жиылып отыр. Бұл Форум біздің жастардың амуына жаңа қозғалыс береді. Мемлекеттік жастар саясаты мен Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қағидалары барлығына түсінікті болу керек. Өзекті тақырыптарды талқылап, атқарылған жұмысты қорытындылау мен болашаққа сар жасау үшін біз аймақтағы барлық жастардың өкілдерін шақырдық».

Сондай-ақ форумда «Жайдарман» КТК ойындарының аймақтық чемпионаты пен жастар Веналық бал ұйымдастырылды. Форум қатысушыларына арналған концерт классикалық және халықтық музыка шығармаларынан құрылды.

ШҚО жастар саясатын жүзеге асыруда үлес қосқаны үшін белсенділер 7 номинация бойынша марапатталды.