«Тағдыр тағылымы» атты әдеби кеш өтті

3183
көрілім

27 қазан күні Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында Мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығына арналған «Тағдыр тағылымы» атты әдеби конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Ө.Жәнібековтің сіңірген еңбегін насихаттау.
    Іс-шараға ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланқызы, ақын, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Бақытжан Тобаяқов ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы, жазушы, Мәдениет саласының үздігі Өтен Ахмет, жазушы Төкен Әлжантегі, жазушы Айгүл Кемелбаева, ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Мирас Асан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директорының орынбасары Олжас Қасым,  ақын, «Әдебиет» порталының тілшісі Арман Шеризат, жазушы, «Түркістан» газетінің тілшісі Бақытбек Қадыр, қатысып, ой*пікірін ортаға салды.
    Іс-шараны  ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.