Тарбағатай ауданында көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жазаға тартылды

1117
көрілім

Тарбағатай ауданында жұмыс істеп жүрген 5 өзбек азаматы көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ақжар ауылындағы жер үйдің құрылысында тер төккен Өзбекстан Республикасының азаматтары жұмыс істеуге қажетті рұқсат құжаттарын жасамаған. Тәртіп сақшылары заңсыздықты анықтағаннан кейін олардың ісі Тарбағатай аудандық №2 сотына жіберіледі.

Сот барысында айыпталушылардың жұмыс берушімен де еңбек келісімшартына отырмағандығы белгілі болды. Сот үкімімен өзбек азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.