Тегін жобалар бар

365
көрілім

- Жеке тұрғын үй салмақшы едім. Бүгінде үй салудан гөрі оның құжаттарын жөндеу қиынға соғып кеткені белгілі. Тұрғын үйдің жобасынан бастап, қолданысқа беру актісіне дейін біршама құжат жинау қажет. Естуімше, тұрғын үйлердің типтік жобаларын тегін алуға болатын көрінеді. Сонда мұндай жобаларды қайдан алуға болады.

Бақытбек Г., Өскемен қаласынан тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға жауап облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ресми сайтында былай деп берілген:

"ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ әзірлеген және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитеттің бұйрығымен бекітілген тұрғын үйлердің құрылысына арналған келесі типтік жобалар бар:

  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 1 қабатты тұрғын үй құрылысының 1-типі;
  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 1 қабатты тұрғын үй құрылысының 2-типі;
  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 1 қабатты тұрғын үй құрылысының 3-типі;
  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 1 қабатты тұрғын үй құрылысының 4-типі;
  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 1 қабатты қоршалған тұрғын үй құрылысының 1-типі;
  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 1 қабатты қоршалған тұрғын үй құрылысының 2-типі;
  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 1 қабатты қоршалған тұрғын үй құрылысының 3-типі;
  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 2 қабатты тұрғын үй құрылысының 1-типі;
  • сейсмикалық белсенділігі 7-ден 9 балға дейін IB, IIB, IIIB, IIIA, IVГ климаттық кіші аудандарға арналған 2 қабатты тұрғын үй құрылысының 2-типі.

Эскиздік жобалар басқарманың ресми сайтында destroy.vko.gov.kz көрсетілген.
Типтік жобалар ақысыз ұсынылады. Тұрғындар сұрақтарын ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау-сметалық бөліміне қоя алады. Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, 301 кабинет мекенжайына, анықтама телефоны – 8 (7232) 57-79-19 хабарласуға болады", делінген құрылыс басқармасының сайтында.