Токиоға тағы бір жолдама!

571
көрілім

Жуырда ғана жерлесіміз Нұрәлі Советқанов Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама иеленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тамаша жаңалық! Осыған дейін халықаралық, әлемдік бәсекелерде олжа салып жүрген спортшы енді ең маңызды аламанда ел намысын қорғайды. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшының жетістігіне қысқаша тоқтала кетсек:

  • 2018 жылы Берлинде (Германия) өткен мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы жүзуден әлем кубогында 1 орын алды.

  • 2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында Нұрәлі Индонезияда өткен III Азия Паралимпиада ойындарында елдің паралимпиадалық құрамасына қатысты. Ойынға әлемнің 44 елінің спортшылар қатысты.

Нұрәлі әлемдегі ең үздік спортшылардың ондығына кіріп, 7-ші болды.

  • 2017 жылы Республикалық чемпионатта жүзуден 1 орын алды.

  • Дубайда өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия паралимпиада ойындарының 1-ші орын иегері (Дубай).