Томирис және Хан: Өскеменде жаңа туған нәрестелерге жиі қойылатын есімдер

310
көрілім

Облыс орталығында 11 айдың ішінде бес мыңнан астам сәби дүниеге келген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

АХАТ бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылы облыс орталығында ең танымал қыз бала есімдері қатарына Томирис, Медина, Ясмин, Есения, Виктория және Асылым, ұл бала есімдеріне Хан, Ибрагим, Әміре, Хантөре, Богдан, Әмір, Михаил, Ярослав кірген.

Сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері биыл туу көрсеткіші айтарлықтай төмендегенін айтады. Өскемен қаласы бойынша 2017 жылы - 6880 сәби, 2018 жылы — 6111, биылғы 11 айда 5558 нәрсете дүниеге келген.