Ұлттық өнерді ұлықтаған шығысқазақстандық шебер

305
көрілім

Төл өнерді дамытып жүрген Айжан Үмбетова ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қолөнер заттарын дайындауда көбінде түрік велюрін пайдаланады. «Ұлттық киім» күні қарсаңында жерлесіміздің жұмысымен жақынырақ таныстық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінгі таңда Amanzholov University студенттері, магистранттары мен докторанттары 30-дан астам стартап жобаны жүзеге асырып келеді. Қолдау тапқан жобалар қатарында «Заманауи интерпретациядағы эко-ұлттық бұйымдар» жұмысы бар. Авторы – университет магистранты Айжан Үмбетова.


Шебердің бұйымдарында көбейту кестесі, сағат, әліппе және географиялық карталарға дейін бейнеленген. Барлығын арнайы тігіспен тігеді. Қолөнер заттарын дайындауда көбінде түрік велюрін  пайдаланады. Ал ішін акустикалық поролон мен холлофайбермен толтырады.


Айжан түрлі бас киімдерді, көрпешелер мен құрақтарды заманауи стильде дайындайды. Оның айтуынша, әр жұмысына тыңғылықты ізденіспен қарайды. Ең алдымен ою-өрнектердің мағынасы мен шығу тарихын егжей-тегжейлі зерттеп барып қана іске кіріседі. Эко-ұлттық бұйымдары қазір өте танымал. Сұраныс Қазақстан аумағында ғана емес. Германия мен Түркиядан да тапсырыстар түсіп жатады.


Бұл іске қызыққан жандар үшін Айжан Үмбетова YouTube-та арнайы блог ашқан. Кез-келген адам интернет арқылы тігу өнерін үйрене алады.