Ұшақтан табылған жылан жолаушылардың үрейін ұшырды

485
көрілім
Фото:aikyn.kz сайтынан

Желіде таралған видеода AirAsia әуекомпаниясының Airbus A320 ұшағындағы оқыс оқиға бейнеленген. Онда жыланды байқап қалған жолаушылардың дүрбелеңін көруге болады, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыланның астында отырған жолаушылар орындарынан ұшып тұрып, шетке қарай қашты. Борттағы жағдай "Ұшақтағы жыландар" фильміндегідей болды. Дегенмен экипаж мүшелерінің ең батылы жыланға жақындап, пластик бөтелкенің көмегімен оны қауіпсіз жерге көшірді.

"Жыланды көргенде жаным көзіме көрінді. Төбемдегі жыланды айтпай-ақ, жалпы өмірімде бауырымен жорғалаушыларды ұнатпағам", "Жыланды алып тастағанда, арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Жолсерік қыз өте сабырлы, өз ісінің маманы екен. Дегенмен ұшып жеткенше, борттан бірдеңе шыға келе ме деп қорқып отырдым", Мен осыған ұқсас фильм көргенмін, дегенмен шынайы өмірде өз басымнан осындай жағдай өтеді деп ойламадым. Жағажайға сапарымның басы қатты болды", - деді жолаушылар.