Заңсыз балық тасыған Катонқарағай ауданының тұрғыны ұсталды

759
көрілім

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында балықты заңсыз тасымалдау фактісі тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпан айының 22-сі күні ШҚО ПД патрульдік қызмет ротасы қызметінің инспекторлары «Алматы-Өскемен» республикалық тасжолының 969 шақырымында Катонқарағай ауданының 68 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігін тоқтатқан.
    Мәшиненің жүксалғышын тексеру кезінде полиция қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ, жалпы салмағы 20 келіден асатын екі қап балық тапты.
    - Анықталғандай, жүргізуші таныстарының өтініші бойынша балықты Үлкен Нарын ауылынан Алматы қаласына апара жатқан. Алайда балық тасымалдау үшін тиісті құжаттар болуы керектігін қаперден шығарған, - делінген мәліметте.
    Аталған факті бойынша 68 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.