Жаңа тағайындау

292
көрілім

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды газет тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ұжымына жаңа басшы ретінде Мұрат Мұсатаевты таныстырды. Осыған дейін ол облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Мұрат Хабдылжаппарұлы 1963 жылғы 21 наурызда Бородулиха ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық мектебін тәмәмдады. 2005 жылы Астрахан мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты және докторлық дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1980 жылы Семей қаласында балташы-бетоншы болып бастаған. Бірнеше жылдар бойы «Асыл Инвест» компаниясында бас маман, бөлім бастығы, Алматы қаласындағы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің басшысы қызметін атқарды. 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ