“Жер сағаты” акциясы қашан өтеді?

390
көрілім

Жыл сайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аясында Қазақстанда 2009 жылдан бастап «Жер сағаты» Дүниежүзілік экологиялық акциясы (бұдан әрі – Акция) өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Акцияның мақсаты – планетаның қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарына жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың экологиялық ағарту ісі мен тәрбиесін арттыру болып саналады.
Бұл іс-шара 2007 жылдан бері өткізіліп келеді, оған әлемнің 190-нан астам елі қатысады.
2024 жылы Қазақстан акцияға 15-ші рет қосылады, ол осы жылдың 23 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30 аралығында өткізіледі.
Осы уақытта көрнекті мәдени және әлеуметтік нысандардың, саябақтардың, аллеялардың, қоғамдық демалыс орындарының жарық шамдары өшіріледі. Әртүрлі салалық кәсіпорындар мен шаруашылық серіктестіктер өнеркәсіптік алаңдарда электр қуатын өшіріп, бей-жай қарамайтын азаматтар тұрғын үйлерде, кеңселерде және басқа да орындарда жарықты өшіру арқылы акцияға қосылады.
- Ең ауқымды экологиялық акцияға қосылыңыз! Жер сағатына үлесіңді қос! - делінген мәліметте.