Жуықта Шығыс Қазақстанда өзіндік Геоэкологиялық Атласы пайда болады

334
көрілім

Атлас басылымы – аймақ үшін маңызды оқиға, себебі Қазақстан аумағын толық көлемде картаға түсіру өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері жүргізілмеген. Тіпті студент-географтар ЖОО-дағы сабақтарда кеңес кезеңіндегі карталарды қолданады. Ал онда дәл емес және қазіргі болмысқа сәйкес келмейтін фактілер кездеседі.

Басылымның толық атауы: «Шығыс Қазақстанның Геоэкологиялық Атласы: табиғи және мәдени мұра, тарих, экономика және экология».

Бқл бірегей оқулықты ғылыми мектептің дарынды ғалымы, география ғылымдарының докторы, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры Анна Егорина құрастырып отыр. Атлас Картасы заманауи ғылымның барлық талаптарын орындау арқылы құрылған. Мазмұны алуан түрлі. Она физикалық және климаттық карта, өсімдіктердің таралу картасы, халық саны рсетілген елді мекендердің картасы жинақталған. Сондай-ақ, атласқа экономикалық мәліметтер де кіргізілген. Мәселен, онда жол жүйесінің, ауылшаруашылық алқаптардың,пайдалы қазбалардың картасы бар.

ШҚМУ қызметкерлерінің жоғары ғылыми жән шығармашылық әлеуеті осындай қажетті өнім шығаруға мүмкіндік берді. Ол 2018 жылы 1000 дана тиражбен басылып шығарылмақ. Атласты құрушылар оның электронды форматының болатыны туралы да хабарлап отыр. Бұл карталар жғары оқу орындарындарында, мектептерде қолданылатын болады.
Мұндай картографиялық материал әр білім беру мекемесінде болуға тиіс.

Геоэкологиялық атлас және мектептерге арналған оқулық басылымы бойынша жұмыстарды ғалымдар «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізуде.