Зырянда таксиге мінген ер адам 25 мың теңгені ұрлап кеткен

559
көрілім

Зырян ауданында таксиге мінген ер адам көлік ішінен 25 мың теңгені үптеп кеткен. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Зырян ауданында 58 жастағы жүргізушінің көлігіне бір ер адам отырады. Айтқан жеріне жеткен соң бейтаныс еркек көліктен түсіп кеткен. Араға біраз уақыт салып жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігінің салонында тұрған 25 мың теңгесінің жоғалғандығын байқайды. Ақшасынан айырылған жәбірленуші полицияға шағым түсіреді.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құқыққорғаушылар жедел әрекет ету арқылы күдіктіні қолға түсірген. 28 жастағы Зырян ауданының тұрғыны қолды қылған ақшасын құртып та үлгерген екен. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары осы мәселеге байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.