1-7 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

480
көрілім

Тоқты

Бірқалыпты, қандай да бір тосын жайттарсыз өтеді осы апта. Кім нені маңызды дүние деп білсе, сонымен айналысуына мүмкіндік мол. Дегенмен жеме-жемге келгенде жұмысына жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытатындар тым аз болады.

Торпақ

Тоқтылар үшін аптаның маңызды оқиғаларының бірі – дүкеннен қымбат зат сатып алу. Жұмыс уақыты тәмамдалуға шақ қалғанда қалаған затына қол жеткізу үшін жоспар құра бастайды. Қалтаңызға да үңілген жөн. Ақшаңыз жетпесе, несие ресімдеудің қажеті жоқ.

Егіздер

Егіздер бар назарын махаббат хикаясына арнап, жұмыс жағын жылы жаба тұрады. Көңіліз ауған нәзік жандымен танысып, бір-бірлеріңізді жақын тани бастаған соң оның мінез-құлқына мән беруді ұмытпаңыз. Мүмкін сіздің талғамыңыздағы жан ол емес шығар.

Шаян

Апта соңына қарай достарыңыз хабарласып, басқосуға қолқа салады. Шұғыл жұмысыңыз болмаса, шақырған жерден қалмаңыз. Жалпы, апта ішінде елең еткізерлік жаңалықтар бола қоймайды. Есесіне әсірекөп жүктемелер біршама шаршатуы мүмкін.

Арыстан

Өзіңізге мүлде таңсық жобаға мән беріп, сол бағытта бас қатыра бастайсыз. Ол жобаның қазіргі жұмысыңызға еш қатысы жоқ. Тек жаңа қырыңыздан ашып, кәсіби шеберлігіңізді арттыруға сеп болуы кәдік. Үнемі ой иірімінде жүріп, отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Бикеш

Әлдеқандай қобалжуларға ерік беріп, оңаша қалғанда өзіңізді жайсыз сезінесіз. Жо-жоқ, еш уайымдаңыз. Қайта күтпеген жерден арманыңыздағы адамды жолықтырып, ұдайы соны ойлаумен жүресіз. Тағдыр жазса, сүйіктіңізбен бақытты ғұмыр кешесіз.

Таразы

Таразылар бұл аптада жаңа дос табады. Жолыққан жандардың бәрін өз әлеміңізге енгізіп, сырыңызды аша бермеңіз. Қызық жағдай, Жұлдыздар сол досыңызды өзіңізден бірнеше жас кіші адам деп болжауда. Мейлі, сырт көз күле қараса да мән бермеңіз.

Сарышаян

Осы апта едәуір қарбалас, тосын жайттарға толы өтпек. Апта басында әлдеқандай жоспар құрғаныңызбен күтпеген қоңырау бәрін өзгертеді. Бір жақтан өмірлік серігіңіз бірқатар мәселелермен жүгінсе, жұмыстағы әріптестеріңіз де жиі мазалайды.

Мерген

Бұрын қандай адамдармен қоян-қолтық жұмыс істеп, тығыз байланыс орнаттыңыз соларды есіңізге түсіріңіз. Қауырт тірлігіңізде жаныңызға медеу болып, дұрыс ақыл-кеңесін айтатындары табылып қалар. Жалпы, ескі достарыңызды еш уақытта қаперден шығармаңыз

Тауешкі

Біршама қызық жайттардың куәсі боласыз. Жұмыстағы шиеленісті шаруаларды біржақты етумен қатар отбасылық мәселелерді шешуге тура келеді. Қуаныштысы сол, екеуіне де үлгересіз. Тек апта соңына қарай қатты шаршағаныңызды сезе бастайсыз.

Суқұйғыш

Соңғы уақытта Тауешкілер ұдайы бір жаққа асығумен болады. Ауқымды жоспар құрып, соны іске асырудың жолын іздеумен жүресіз. Мақсат қойғыштығыңыз бен кәсіби шеберлігіңіз екі жақтап, аз уақыт ішінде сол биікке шығуға себепші болмақ.

Балықтар

Балықтарға жылжымайтын мүлікке қатысты түйткілді мәселені шешуге тура келеді. Жұбайыңыз басқа үйге, туыс-туғандарыңыз басқа пәтерге көшуге үгіттейді. Қала шетіндегі жеріңізге де қатысты ұсыныстар білдіреді. Бастысы, жанұяңызға тиімді тұсын ойлап, барынша оң шешім қабылдауға тырысыңыз.