2020 жылы Өскеменде бірнеше жаңа кәсіпорындар пайда болмақ

308
көрілім

Алдағы жылы облыс орталығының өндірістік әлеуеті жаңа наубайхана, көбік бетон блоктары, металл конструкциялары мен сұйық сабын өндірісі арқылы толықтырылатын болады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте жаңа индустриалды аймақтарды дамыту перспективалары туралы айтты. Машиностроителей көшесіндегі индустриалды аймақта жақында үш жаңа кәсіпорын пайда болады. Қалаға дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған фармацевтикалық қойма бұрыннан қажет болған. Нысанның жобалық-сметалық құжаттары келісілді, қаржы табылып, жер телімі бөлінді. Бірақ бұл индустриалды аймақта жоспарланған көбікбетон блоктарын шығаруда әлі де қиындықтар бар.
«Сұраныс жоғары болмағандықтан бұл жоба тоқтатылды», - дейді қала әкімі. Көп ұзамай облыс орталығында сұйық сабын өндірудің өзіндік өндірісі пайда болуы мүмкін.
«Бұл жобаға көмектесу үшін қала әкімдігі мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы өнімге тапсырыс беру мәселесін қарастырды», - деді Жақсылық Омар. Самар тас жолындағы «Өркен-КШТ» индустриалды аймағында астық өңдеудің толық циклі бар наубайхана, металл конструкцияларын шығаратын, мыс шиналар мен электр жабдықтарын шығаратын зауыт ашу жоспарлануда. «Марат-М» автокөлік компания ашуды кзөздеп отыр. Самара тас жолында автобустарға қызмет көрсететін өндірістік база ашпақшы.