21-27 тамыз аралығындағы Жұлдыз жорамал

801
көрілім

Тоқты

Бұл аптада барлық мәселелеріңіздің шешімі сәтінің түсуіне орай болмақ, сондықтан кейбір жағдайларда асықпағаныңыз абзал. Әр нәрсені бастамас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз.

Торпақ

Дүйсенбі Торпақтар үшін біраз ауыр өтуі мүмкін. Созылмалы ауруларыңыз қозғалып, денсаулығыңыз сыр беруі ықтимал. Дегенмен, уақытылы тынығып, нәрлі тамақтансаңыз барлығы тез қалпына келеді.

Егіздер

Қазір сізге көпшіліктің көңілін өзіңізге аударып, ел алдында беделге ие болу және тасыңызды өрге домалату мүмкіндігі туып тұр. Дегенмен, әр бастамада қолдауы мықты бір танысқа иек сүйегеніңіз дұрыс.

Шаян

Бұл апта сізден өз жұмысыңызға деген ерекше еңбекқорлықты талап етпек. Осы себепті материалдық жағдайыңыз кәсіби шеберлігіңіз бен ыждаһатыңызға байланысты болатынын да ұмытпағаныңыз дұрыс.

Арыстан

Артық ас жеп қоюдан аулақ болыңыз. Сондай-ақ, артық шаршаудың да денсаулыққа зиян екенін ұмытпаңыз. Құнарлы тамақтанып, таза ауда жиі серуендеуге тырысыңыз. Дәрігер кеңесіне құлақ түріңіз.

Бикеш

Өзге адамдарға әмір жүргізуге тырыспаңыз, өйткені айналаңыздағы адамдармен ұрсысып қалу қаупі басым. Жүйкеңізді жұқартатын нәрселерден бойыңызды аулақ ұстап, ұстамды болғаныңыз абзал.

Таразы

Апта әріптестік орнатуға, бірлескен жұмыстарды бастап, келісім-шарт жасасуға өте қолайлы. Дегенмен, қай істе болмасын жауапкершілікті өз мойныңызға ғана алмай, теңдей етіп бөлісуге тырысыңыз.

Сарышаян

Бұл апта бейжай өтпейтіні анық. Сіздің шыдамдылығыңыз бен сабырлығыңыз сынға түсетін кезең. Аптаның басында жүйкеңізді жұқартатын біраз жағдайлар орын алып, көңіл-күйіңізді түсіруі мүмкін.

Мерген

Басшылығыңызбен қарым-қатынасты жолға қою мүмкіндігі туындап тұр. Сондықтан даулы мәселелерді сабырлықпен шешіңіз. Апта ортасына қарай көлемді ақшалай шығынға ұшыраудан сақ болыңыз.

Тауешкі

Өзгелермен ақылдаспай әрекет етпеңіз. Бұл әрекет сізді табысыңыздан айырып, материалдық шығынға ұшыратуы мүмкін. Керісінше күтпеген істер табыс әкеліп, жоспарланбаған мақсат орындалуы ықтимал.

Суқұйғыш

Апта сіз үшін сәтті өтпек, бірақ артық ас қабылдап, шектен тыс шаршамауға тырысыңыз. Таза ауада жиі серуендеп, шулы ортадан аулақ болып, алыс сапарларға шықпауға тырысыңыз.

Балықтар

Табысы мол жұмыс табудың сәті түсіп тұр, сондықтан пайда әкелетін әріптестік орнатудан бас тартпаңыз. Сондай-ақ, жағымды қаржылай тосынсыйлар болып, қалтаңыз біраз қампиып қалуы ықтимал.