25-31 қаңтар аралығына арналған жұлдыз-жорамал

788
көрілім

Тоқты

Осы аптада болмашы нәрселердің өзі едәуір қиындық туғызады. Оған сіз үшін соңғы уақыттардағы түсініксіз жайттар мен ашушаңдық себепкер. Тіпті сол екеуі қыр соңыңыздан қалмай жүргендей. Егер өз тарапыңызға айтылған сынды қаз-қалпында қабылдап, эмоцияңыздың тізгінін тартып отырсаңыз барлығы өз орнына түспек.

Торпақ

Қазір өзіңіз үшін әлі де жұмбақ күйінде жүрген жайттарды түйсініп, көңіліңізге күдік ұялатқан мәселердің аражігін ажыратасыз. Алдағы уақытта кәсіби мәнсабыңыздың қалай болатындығына да жауап табасыз. Егер әлеуетіңізге сенімді болсаңыз қызметіңізді ауыстырып, қазіргі жұмысыңыздан шығып кетсеңіз де ерік өзіңізде.

Егіздер

Қазір Егіздерге жүктемесі мол, жауапты жұмыстар тізіліп тұр. Қайсысынан бастасаңыз да әріптестеріңізбен бір кеңесіп алған жөн. Бәлкім, олар кейбір тапсырмаларды өз жауапкершіліктеріне алып, мерзімінен бұрын орындап тастауға мүмкіндік туады. Дегенмен осы аралықта өзіңіздің кәсіби беделіңізді төмендетіп алмаңыз.

Шаян

Тыныш, алаңсыз өтеді осы апта. Жан-жақтан үймелеп тапсырмалар түспегендіктен бітпей қалған шаруаңызды алаңсыз тындырасыз. Бос уақытыңызды өмірлік серігіңізбен бірге өткізуді күн тәртібіне қойған жөн. Себебі жұмысбастылық араларыңызды алшақтатып жіберуі мүмкін.

Арыстан

Кейбір Арыстандар апта соңында әсіре ашушаңдық танытып, көңілдері алас ұрады. Мұның себебін жақындары жорамалдап, болжап көргендерімен соңында мүлде басқа ойда қалады. Себебі осыған дейін ойындағысын ішіне бүгіп жүрген жұлдызнама иелері алдағы өмірлерінде көпшілік үшін мүлде таңсық шешім қабылдаған еді.

Бикеш

Апта соңында денсаулығыңыз сыр беріп, бойыңыздағы шаршаңқылықты байқайсыз. Басшылық тез арада күрделі тапсырманы орындауға пәрмен беріп, осыған байланысты бір күндік демалысыңызды арнайсыз. Күш-жігеріңіздің сарқылуына белгілі бір мөлшерде бұл да әсер еткен болар. Әйтсе де жақындарыңыздан жылы сөз естіп, содан қуат алғандай боласыз.

Таразы

Жуық арада жауапты тапсырмалар күрт көбейеді. Бәлкім, соңғы уақытта сіз үшін ең күрделі кезеңдердің бірі осы болар. Жұмыста бір сәт те босаңсымай, отбасында тұрмыстық түйткілдердің көбеюі еңсеңізді едәуір түсіріп жібереді. Апта соңында тыныштау жерде достарыңызбен басқосып, шер тарқатып қайтыңыз.

Сарышаян

Апта ешбір тосын жайттарсыз, бірқалыпты өткенмен, кейбір мәселелердің шешімін таба алмай, үнемі ой үстінде жүресіз. Пәтеріңізге өзгеріс енгіземін десеңіз жұбайыңызбен кеңесіп, бірлесе шешім қабылдаңыздар. Бір хобби тауып алыңыз. Көңіл-күйіңіз түскенде ойыңызды әп-сәтте тазартып отырады.

Мерген

Мергендер бұл аптада өздерін үздік қырларынан көрсетеді. Кімде-кім бұйымтайын айтып, жөн сұраса көмекке ұмтылуға әзір тұрасыз. Бұл уақытта өз басыңызда қанша мәселе барын ешкім біліп те отырған жоқ. Иә сіздің өмірлік ұстанымыңыз осындай. Бас қатырар мәселелер бір арнаға түсер, барлығы уақыт еншісінде.

Тауешкі

Қызыққа толы сәттеріңіз көбейіп, осы аптада күтпеген ұсыныстар түседі. Оны қабылдау-қабылдамау өз қалауыңызда. Дегенмен қазіргі жұмыс орныңызда мамандар ауысып, едәуір өзгерістер болып жатқандығын ескерсеңіз, жаңа қызметке орналасу жағын мұқият ойланыңыз.

Суқұйғыш

Қазір Суқұйғыштар үшін алынбайтын қамал жоқ сияқты. Нені бастаса да соңына дейін жеткізіп, онысы сапалы әрі тиянақты болады. Жұмысыңызда бір жобаны қолға алсаңыз аяқтамай жатып көпке таныстырудан аулақ болыңыз. Күтпеген жерден сүрініп кетуіңіз көпшілік үшін қуаныш боларын жадыңыздан шығармаңыз.

Балықтар

Көп жағдайда сәттілік серік болады дегеннен гөрі, «берсе қолынан, бермесе жолынан» дегенді құп көресіз. Себебі өзіңізге деген сенімділіктің жоғарылауы кәсіби мәнсабыңызда да біршама жемісін бермек. Дегенмен кейбір Балықтар мүлде басқа әрекетке көшеді. Көңіл-күйі құбылып, бойында артық салмақ пайда болғанның өзіне үрке қарайды. Ұсақ-түйекке күш-қуатыңызды сарқи бермегеніңіз жөн.