28 тамыз - 3 қыркүйек аралығындағы Жұлдыз жорамал

883
көрілім

Тоқты

Бұл аптаның басым бөлігін демалысқа, саяхатқа арнағаныңыз жөн. Ақша белсенді кәсіп түрімен айналысатындарды жақсы көретіндіктен жарнама және туризм саласындағы жұмысшылар үшін таптырмайтын кезең.

Торпақ

Жұмысқа басыңызбен берілетін уақыт, дегенмен арасында демалыс пен ұйқыны да ұмытпағаныңыз абзал. Апта соңына қарай денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліп, жылы киініп, нәрлі тамақтаныңыз.

Егіздер

Кейбір адамдар сізге құпияларын айтып, ақыл сұрап келуі ықтимал. Өзіңізге де тылысым дүниелерге көбірек көңіл бөліп, рухани толысуға қадам жасауға болады. Басшылықпен ұрсысып қалу қаупі басым.

Шаян

Материалдық және әлеуметтік жағдайды жақсарту жолындағы мақсаттарды іске асыратын кезең. Айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Бұл апта кәсіби дамуға қолайлы кезең.

Арыстан

Апта тыныш, әрі сәтті өтеді, алайда әрдайым тыныштықта өмір сүре берудің қажеті жоқ. Бір уақыт жоспарлаған істеріңізді тындырып қойғаныңыз абзал. Демалыстарға қарай табиғат аясына шығуды ұмытпаңыз.

Бикеш

Бұл кезеңде аталған белгінің көптеген өкілдері отбасына байланысты істерді атқарғаны жөн. Бойыңыздағы күш-қуатыңызды үйіңізді жайластырып, жөндеу-құрылыс жұмыстарына арнағаныңыз абзал.

Таразы

Шығармашылықпен айналысатын Таразылар үшін таптырмайтын кезең. Қай ісіңіз болмасын ақшалай табыс әкелмесе де, лауазымдық өсуіңізге ықпалын тигізеді. Өзге адамдарды демеп, көмек көрсетуді ұмытпаңыз.

Сарышаян

Көңіл-күйіңізге ауыр тиетін апта. Жүйке жүйеңіз сыр беріп, кейбір кездері бойыңыздан шаршаңқылықты сезінуіңіз мүмкін. Мұндай кездері ең дұрысы – демалып, уақытыңызды өз-өзіңізді күтуге арнау.

Мерген

Көпшіліктің көңілін тауып, елдің көзіне түсетін сәт туады. Әсіресе бұл кезең оқытушылықпен, актерлікпен айналысып көпшілік алдына көп шығатын Мергендер үшін таптырмайтын уақыт.

Тауешкі

Материалдық мақсаттарды бірінші кезекке қоюдың қажеті жоқ. Аптаның бірінші жартысында жұмыс орнын ауыстырудың, басшылыққа өтініш жасау қажет емес, сондықтан барлық істерді кейінге қалдырыңыз.

Суқұйғыш

Бойыңыздағы күш-қуатыңызды үнемдеп жұмсағаныңыз абзал. Энергияңыз асып-тасығанымен оның да шегі барын ұмытпаңыз. Шаршаңқылық сезінсеңіз, уақытылы демалып, ұйқыңызды қандырыңыз.

Балықтар

Айналаңыздағы адамдарға тым қатал болмауға тырысыңыз. Лауазымы мен жасы үлкен адамдармен жұмыс істегенде абай болыңыз. Апта үй, бау-бақша жұмыстарымен айналысуға өте қолайлы.