31 наурызға арналған ауа райы болжамы

375
көрілім

31 наурыз, сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық ағынды ардың өтуіне байланысты тек оңтүстік-батыс пен батыста жаңбыр күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел болжанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіліп, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, Алматы облысында желдің күші 18-23, күндіз 28 м/с жетед ықтималі.