3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

351
көрілім

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 шілдеде еліміздің бірнеше облысында өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жаңбыр және найзағаймен сақталады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болады, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, оңтүстікте шаңды дауыл болып, тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, бұршақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерінде 30 м/с және одан асады.
Ақмола облысының кей жерінде дауыл, бұршақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерінде 30 м/с және одан асады.
Қостанай облысының кей жерінде дауыл, бұршақ болып, түнде кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл, бұршақ болып, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл болып, жел 15-22 м/с күшейеді, Қарағанды облысында екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау облысының кей жерінде дауыл болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының түнде кей жерінде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.