6 жасқа толып үлгермеген баланы мектептер қабылдай ма

630
көрілім
Фото:kp.ru сайтынан

6 жасқа толып үлгермеген баланы мектептер қабылдай ма? Астанадағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевке осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Егер бала осы 2024 жылдың аяғына дейін 6 жасқа толатын болса, бірінші сыныпқа беруге болады», - деп жауап берді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол мұндай балалардың балабақшада қала беруіне де болатынын айтты.

«Иә, ондай балалар балабақшада қала бере алады. Алтыға толып үлгермесе, онда мектепке даярлық балабақшада жалғастыра алады», - деді Қасымхан Сенғазиев.