7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

326
көрілім

Синоптиктер 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстан аумағында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын, солтүстігі мен солтүстік-батысыңда қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшеюі сақталады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтілсе, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман тұмшалап, түнде көктайғақ күтіледі.