8-14 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

467
көрілім

Тоқты

Жұлдыздар дәл қазір сүйіктіңізге сыйлық алып, көңілін табуға асықпауға шақырғанымен бұл іске достарыңыз көндіреді. Жан-жақтан келіп түскен құттықтаулар, қос ғашыққа бақыт тілеушілер санында шек болмайды. Бақыттан басыңыз айналғанымен түрлі сәтсіздіктерге де әркез әзір жүріңіз.

Торпақ

Отбасылық ауызбіршілік пен жылы қарым-қатынасты сақтап қалғыңыз келсе демалыс күндері табиғат аясына шығып бойжазып қайтыңыз. Таза ауа мен көк майса шөптің иісі шығармашылық шабыт сыйлауы мүмкін. Ашуға ерік бермеңіз. Өйтпегенде түрлі жарақаттар алуыңыз да ғажап емес.

Егіздер

Нақты жоспар бекіту кезінде мұқият болыңыз. Шаруаның шектен тыс көбеюі біршама шаршатуы мүмкін. Апта соңына қарай сақтық шараларын күшейтініз. Күтпеген жерден аяқтан шалу, өзгелердің тілеулестік танытпауы сынды теріс пиғылдар кәсіби мәнсабыңызға да әсер етуі мүмкін.

Шаян

Көптеген Шаяндар үшін ұдайы еңбектеніп, өзін-өзі дамытып отыру керек. Қарбалас сәттерден әліңіз құрып, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Десе де ойда-жоқта жақын достарыңыз тарапынан қаржылай қолдау көріп, жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік аласыз. Бойыңыздағы дәрумендердің азайып кетпеуіне назар аударыңыз.

Арыстан

Апта ортасына қарай асқан ұқыптылық пен төзімділік танытыңыз. Қандай да бір дертке шалдықсаңыз ағзаңыз өзі күресіп, әл-қуатыңыз бірден қалыпқа келеді. Кәсіби тұрғыда табысқа кенеліп, мәнсап жолына өрлеуді мақсат етсеңіз, жолыңыз ашық. Кейбіреуіне бірнеше ай бұрын алған қарыздарын қайтаруға мүмкіндік туындайды.

Бикеш

Осы бастан денсаулығыңызға мұқият мән бергеніңіз жөн. Өзіңізге деген сенімсіздік, жайсыздық, әлсіздік белсенді ғұмырыңызды тежеуі мүмкін. Басыңыз ауырып, бет теріңіз бұзылып, сырт келбетіңізге сын көзбен қарайтындарды байқайсыз. Қомақты ақша табамын деп бұрыс бағытқа бұрылмаңыз.

Таразы

Таразылар өткен күннің естеліктеріне саяхаттап қайтады. Себебі өткен өмірлерінде жарқын да бұлыңғыр сәттер аз болмаған. Ең дұрысы, осыған дейін көңіліне қаяу түсірген жандардан кешірім сұрауға асығыңыз. Аяқсыз қалған шаруаларыңыз болса қазір соның барлығын біржақты етуге қолайлы кезең.

Сарышаян

Қазіргі уақытта иммунитетіңіз әлсірегендіктен денсаулығыңызға жіті мән бергеніңіз жөн. Ішімдік пен түрлі зиянды заттардан іргеңізді аулақ салыңыз. Жастық шақта үлкен өмірге берік іргетас қалап, бойыңызға күш-қуат жинап алсаңыз сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Тіпті кей Сарышаяндарда болашақты болжайтын ерекше қабілеттері пайда болуы бек мүмкін.

Мерген

Тек өз жүрегіңіздің лүпіліне ғана сеніңіз. Өн бойыңызды әлдеқандай мазасыздық билеп, денсаулығыңыз сыр берсе тез арада ақ халаттыларға барып көрінгеніңіз ләзім. Айналыңызда шынайы бағасын бере алмайтын күдікті адамдардың топталуына мүмкіндік бермеңіз.

Тауешкі

Табанды әрі ауыр жұмыстан аз уақытқа демалыс алудың мүмкіндігі туындайды. Бір сәт тыныштықтың өзі емін-еркін тынығуға мүмкіндік береді. Сейсенбі, бейсенбі күндеріне маңызды кездесу немесе жиналыс ұйымдастырғаныңыз жөн. Ойлағаныңыздың барлығы болмаса да бірнеше бағытта ісіңіз алға басады.

Суқұйғыш

Бұған дейін бастығыңыз сізге толыққанды сенбей келсе, бұдан былай бәрі оңалады. Тасыңыз өрге домалап, бар назар сізге ауады. Тіпті сондай жоғары қарым-қабілетке ие екендігіңізге көз жеткізген соң өзіңіз де таң-тамаша боласыз. Достарыңыз тарапынан сын айтылса, оған ренжудің қажеті жоқ.

Балықтар

Жұмысты қойып, жеке өміріңізге мән бере бастайсыз. Ешнәрсеге назар аудармай, достарыңызбен араласуды да азайтасыз. Көтеріңкі көңіл-күй шығармашылық тұрғыда шабыт сыйлап, жаңа идеялар туындайды. Бәлкім, өміріңізде қандай да бір маңызға ие болар хоббиіңізді табуыңыз мүмкін.