Өскемен қаласында 20 балабақша жетіспейді

254
көрілім
Фотосурет - egemen.kz сайтынан

Биыл Өскеменде 7 балабақша ашылмақ. Алайда бүлдіршіндердің көптігінен бұл аздық етуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде балабақша кезегінде тұрғандар саны 7 мыңнан асады.

- Өскеменде 97 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның ішіндегі 68-і балабақша, 29-ы шағын орталық. Балабақша тапшылығы әсіресе қаланың шалғай аудандарында сезілуде. Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1180 орындық жеті мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарланған, - деп хабарлады қалалық білім бөлімінің қызметкерлері.