ШҚО-да археология саласына 220 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды

469
көрілім

Бұл жайлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша өткен жиналыс барысында айтылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламаны іске асыруға арналған Жол картасы негізінде осы жылы 22 индикаторға бөлінген 82 іс-шара шараны жүзеге асыру көзделген.
Сайлауалды бағдарламаны орындауға арналған Жол картасы негізігі жеті бағыттан тұрады. Әр бағыт бойынша іс-шаралар уақыттылы жүзеге асырылуда.
Мысалы: «Білім беру сапасын жақсарту» бағыты бойынша Семей және Риддер қалаларында мектептің құрылысы жүргізілуде (Степное кентінде 300 орын және Восточный кентінде 1200 орын, Риддер қаласында 620 орын. «Менің мектебім» акциясы аясында 250 мектеп жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 7 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Бұқаралық спортты қолдау бойынша Күршім және Үржар аудандарында 2 жүзу бассейнінің құрылысы аяқталды.
Партияның сайлауалды бағдарламасындағы «Тарих пен мәдениетті дамыту» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру», «Абай Әлемі» жобалары шеңберінде көрнекті жерлестердің мұрасын насихаттау  жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірімізде археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда, оған 218,4 млн.теңге жұмсалды.
Жалпы өңір бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған Жол картасындағы өзге бағыттар бойынша да нақты  іс-шаралар дер кезінде іске асырылуда.