ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

364
көрілім

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн ашық, тек оңтүстікте және оңтүстік шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.