Зайсан ауданында жаңа жылды қарсы алу үшін қанша қаржы бөлінді?

413
көрілім

Зайсан ауданы

Зайсан ауданында Жаңа жылды қарсы алуға жергілікті бюджеттен 300 мың теңге қаржы бөлінді.

– Жаңа жыл қарсаңында 1млн 500 мың теңгеге көпбалалы және азқамтылған, сонымен қоса азқамтылған отбасылардың балаларына қыстық киім-кешектер сыйлыққа береміз. Аудан, қала, ауыл орталығындағы орталық алаңда шырша орнату үшін бюджеттен 2 млн 460 мың теңге қаржы қарастырылған, - дейді аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан орталығында жасанды шырша орнатылды. Жаңажылдық басты шырша 17 желтоқсаннан кейін ғана орнатылмақ.

– Биылғы жылы аудан, қала әкімінің жаңажылдық шыршасы 25 желтоқсан күні Айнабұлақ ауылы Айнабұлақ орта мектебінде өткізіледі. Мерекеге көпбалалы, азқамтылған санаттағы отбасылардың балалары шақырылады. Сонымен бірге 23-29 желтоқсан аралығында аудандық Мәдениет үйінде, мектептерде және балабақшаларда «Ертегілер әлемі» атты шаралар ұйымдастырылады, - деді ол.

Айта кетейік, жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсан күні Абай саябағында сағат 19:00 де аудан тұрғындарына арналған «Төрлет, Жаңа жыл» атты мерекелік шоу өтеді. Би кеші де мерекенің мерейін асырмақ. Ал бірақ жаңажылдық отшашулар ұйымдастырылмайды.