Абай ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

325
көрілім

«Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған топтың үш ер адамнан тұратыны анықталды, олардың барлығы Абай ауданының тұрғындары болып шықты.

Полиция қызметкерлері 1975, 1981 және 1998 жылы туған ер адамдардың былтырдан бері 14 бас жылқы ұрлағандарын анықтады.

- Шығын сомасы 5 млн. теңгені құрады. Бұл ұрлық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ашылды, күдіктілердің бірінің қыстағын тексеру кезінде заттай дәлелдемелер – малдың терілері мен тұяқтары алынды, - делінген мәліметте.

Мал ұрлығы фактісі бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 1- 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды және ол кінәлі деп танылған жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қылмыстық топтың өзге мүшелерінің осы іске қатысу дәрежесі анықталуда.

- Еркін мал жаюдан ұрлық фактілерін болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Облыс тұрғындары бақылаудың жоқтығынан мал ұрлығы жиілей түсетінін ескерулері керек. Сонымен қатар жануарлар көбінесе жайылымнан жоғалады, оларды іздеу көп ресурстарды қажет етеді. Тағы бір айта кетерлігі, иесіз мал жолдағы автокөлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.