Абай облысында өзен ортасында қалған екі адам жоғалып кетті

104
көрілім

Абай облысы Аягөз ауданында өзенде қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

26 наурызда Аягөз ауданында 66 және 38 жастағы екі адам «МТЗ 82» маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар «Шалқар» қосалқы шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан.

«Ер адамдар жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпек болды. Алайда өзен ортасында тұрып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды таппады», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен әскерилерден жалпы саны 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Жоғалғандардың отбасы мен жақындарына психологиялық көмек көрсету мақсатында психологтар да жіберілген.