Акция басталды

781
көрілім

Семейде жыл соңына дейін жалғасатын қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясын Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің студенттерінен құралған еріктілер тобы және «Ақниет» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр. Кез-келген қала тұрғыны ақшалай көмектен басқа балалар киімі, кеңсе заттары, ойыншықтарды сыйлау арқылы акцияға қатыса алады. Осылайша ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетілмек.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ