Ақпан айының үздік спортшысы анықталуда

390
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Ұлттық олимпиадалық комитет және еліміздегі іргелі спорт ұйымдары бірлесіп, ақпан айының үздік спортшысын анықтау үшін дауыс беру басталғанын хабарлайды. Үміткерлер арасында қос бірдей жерлесіміз бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бір айта кетерлігі, аталмыш байқауға басым жағдайда жеке күрес бағыты бойынша байрақты бәсекелерде бақ сынап жүрген спортшылар қатысуда. Алысқа бармай-ақ жуырда Азия чемпионы атанған жерлесіміз Данияр Қайсанов (еркін күрес), Юсуп Батырмурзаев (еркін күрес), Татьяна Ахметова (әйелдер күресі), Жәмилә Бақбергенова (әйелдер күресі), Тамерлан Шадукаев (грек-рим күресі), Жансай Смағұлов (дзюдо). Тағы бір жерлесіміз Дмитрий Рейхердтің де (фристайл-могул) өзгелерден оза шабуға мүмкіндігі мол. Не дегенмен Әлем кубогі кезеңдерінде тұрақты түрде жүлдегер атанып жүр. Бұлардан бөлек, Милад Карими (спорттық гимнастика), Жанбота Алдабергенова (акробатикалық фристайл) және Абзал Әжғалиев те (шорт-трек) бар. Дауыс бару наурыз айының 9-на дейін жалғасады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ