Алаяққа алданған өскемендік 85 мың теңгесінен айырылды

431
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының 10-ы күні Өскемен қалалық полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ақша ұрланғандығы жөнінде шағым түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгініп, биыл қыркүйек айының ортасында бейтаныс адамға ас үй жиһазын жасату үшін 85 000 теңге көлемінде ақша беріп, кейінірек оның хабарсыз кеткенін жеткізген.

 - Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні анықтап, жеткізді. Мәлім болғандай, бұрын істы болған екен, ал қазіргі уақытта бас бостандығы шектеулі, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.