Алтай ауданында ер адамның көлігінен ақша ұрланды

219
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының алғашқы күнінде Алтай аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ер адам хабарласып, ақшасы ұрланғандығына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

26 жастағы ер адам белгісіз бірлеулер қала көшелерінің біріндегі тұрақта есігі ашық қалған «ВАЗ» көлігінен 70 000 теңге ақшасыг ұрлап кеткендігін хабарлаған.

– Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 32 жастағы қала тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде, – делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.