«Алып Алтай» Халықаралық туристік-спорттық сайыстың екі бөлімі Катонқарағай ауданында өтеді

725
көрілім

Ағымдағы жылдың тамыз айында өтетін Халықаралық табиғат аясындағы сайысқа төрт мемлекеттің, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елінің спортшылары қатысады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өткен жылы Халықаралық туристік-спорттық сайыс Моңғолияда болып өткен. Шараның ашылу салтанаты биыл Өскемен қаласында өткізіледі. Ал шараның тағы бір бөлігі Катонқарағай ауданында ұйымдастырылады.

Катонқарағай ауданында рафтинг, альпинизм бойынша сайыстар өтеді. Біз қазір бағдарламаны әзірлеп жатырмыз. Ұйымдастырылатын орын мен жауаптылар бекітілді. Рафтинг Ақсу ауылына жақын маңда болса, альпинизм Австрия жолы жақта өтеді. Сайысқа қатысушылар бір шақырымдық биіктігі бір шақырымдық тауға өрмелеп шығудан сынға түседі, – дейді Катонқарағай ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин.