Apple коронавирусқа байланысты iPhone сатылымын шектейді

328
көрілім

Apple компаниясы Қытайдағы коронавирустың жаңа түріне байланысты iPhone сатылымын шектейді, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz ке сілтеме жасап.

Компания өкілдерінің айтуынша, вирустың таралуына байланысты Қытайда Apple өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың жұмысында қиындықтар туып жатыр. Нәтижесінде смартфондарың шығарылымы да шектеледі дейді.

Сондай-ақ, олар Қытайда Apple өнімдеріне деген сұраныстың төмендегенін айтады.

"Бізге қазір ең бастысы - қызметкерлеріміздің, клиенттеріміздің, серіктестеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі", - делінген компанияның сайтында.