Аягөз ауданының Тарбағатай ауылдық округінде жылдамдығы жоғары ғаламтор тартылмақ

531
көрілім
Шартты фотосурет

Тұрғындар осыған дейін де аудан басшылығына ғаламтор жылдамдығының төмендігін айтқанымен, нақты жұмыстар енді қолға алынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмыс сапарымен Тарбағатай ауылдық округіне барған аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев еліміздегі төтенше жағдай режимінде оқушылардың қашықтан оқуға мәжбүр болғанын айта келе ауылдағы студенттер мен балалардың қалай білім алып жатқандығымен танысқан.
– Қазір Тарбағатай ауылдық округінде ЖОО-да 64 бала, орта арнаулы оқу орнында 11 бала, жалпы білім беру мектебінде 331 бала оқиды. Шамамен осыдан бір жарым ай бұрын ауылда интернеттің жоқтығы айтылып, кедергі туындағанын жеткізген болатын. Мәселені шешу үшін бюджеттен қаражат бөліп, интернет орнаттық. Бұл жолғы халықпен кездесуімде осы интернет жылдамдығының бәсең екенін айтты. Мәселені шешу үшін арнайы тапсырма бердім, – деді аудан басшысы.