Аягөзде мүгедек жандарды тасымалдайтын «Инватакси» жұмысын бастайды

693
көрілім

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Инватакси» тегін қызмет көрсетеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова хабарлады.

Өскемен және Семей қалаларында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін 7 бірдей көлік бар. Биылғы жылы Аягөз өңірі де қаржы бөліп, аудан орталығының ішінде бір «инватакси» жүргізе бастайды. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бөлу үрдісі бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

– Қала немесе аудан орталығының ауқымы үлкен болса, мүгедек жандардың бір жерден бір жерге жетуі оңай болмайды. Өзге де аудандар мен қалалардың әкімдері осы шаруаға маңыз беруін өтінеміз, – дейді Елена Старенкова.

Аян Өрібаев