Аягөздік палуан ықыласпен оқитын 5 кітабын атады

501
көрілім
Фото wrestling.kz сайтынан

Күрес спортында өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Аягөз ауданының тумасы Досжан Қартықов жанына жақын көретін көркем әдебиеттерімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еліміздегі күрес парақшаларының бірінде грек-рим күресінен ел спортында толағай табыстарға жеткен жерлесіміз, Олимпиада ойындарының қатысушысы Досжан Қартықовтың сүйіп оқитын кітаптары жарияланды. Шығыс өңірінің тумасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен жақын таныс екенін байқатты. Атап айтсақ, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Қара сөздері», одан бөлек, «Жестокий век» (Исай Калашников), «Дети капитана Гранта» (Жюль Верн)  және «Дарабоз» (Қабдеш Жұмаділов).