БАҚ өкілдері мемлекеттік сатып алуға қатыса ала ма?

515
көрілім
Шартты фотосурет

Бұған «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында өткен жиында ШҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Рустам Байырбеков жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басқарма басшысының түпкі ойы БАҚ өкілдерінің мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайтындығына ойысты. Алайда дөп басып мәлімет ұсынбады.

– Қандай жағдай болса да конкурс кезінде қоғамдық кеңес өкілдерінің болуы міндетті. Бұқаралық ақпарат өкілдері мемлекетттік сатып алуда оның тиісті басқарма мен бағыттарға бөлінуін қадағалай алады. Керек болса, бұзушылықты сотқа шағым беру арқылы әшкерелей алады, – деді Рустам Мұратұлы.