Бақылай алатын болады

391
көрілім

Келесі жылдан бастап ата-аналар Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын балаларын онлайн режимде бақылай алатын болады, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген бұдан былай талапкер ҰБТ нәтижелерін жоғарғы оқу орнының табалдырығында күтпей біле алатынын хабарлады. Олар өздерінің алған балдарын Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан біле алатын болады. Сондай-ақ ата-аналар өз баласының ҰБТ-ны қалай тапсырып жатқанын экраннан бақылай алатын болады. Аудиторияларда сол мезетті түсіріп тұратын камералар орнатылады. Аталмыш видеокөрсетілім жоғарыда аталған орталықтың сайтында онлайн режимінде көрсетіліп тұрмақ. Бұдан бөлек жоғарғы оқу орны ҰБТ-ның онлайн көрсетілімін үлкен экраннан көрсетуді де ұйымдастырмақ ниетте.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ