Бала асырап алған әке-шешелер оларды Балалар үйіне қайтарып жатыр

358
көрілім
Фото:changeonelife.ru сайтынан

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов елімізде асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару саны артып жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтының тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын талқылап жатыр. Заң жобасы аясында депутат Оқу-ағарту министрлігіне сауалын жолдады.

Заң жобасының атауында тек адам саудасы мәселесі реттелуі көзделген. Соның ішінде бесінші тарауды қарасақ, жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қорғауға бағытталғаны туралы да жазылған. Қазақстанда бала асырап алғысы келетіндердің саны жыл сайын көбейіп жатыр. Бірақ асырап алынған балалардың балалар үйіне қайтару саны да азаймай, үнемі өсіп жатыр. Мысалы, соңғы 5 жылда балалар үйіне қайтарылған балалардың саны 64 пайызға өсті, - деді депутат.

Ерболат Саурықовтың дерегінше, 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы 197 бала, 2022 жылы 217 бала балалар үйіне қайтарылған.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мұндай проблема бар екенін растады.

Осы мәселеге байланысты министрлік дайындаған «Балалардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы Мәжілісте қарауда жатыр. Ол заңның аясында кәсіби асырап алушы отбасы институты енгізіліп жатыр. Осы институт мәселені шешуге септігін тигізеді деп ойлаймыз, - деп жауап берді ол.