Балық аулауға тыйым салынады

328
көрілім

Өңіріміздің өзен-көлдеріндегі балықтың уылдырық шашу маусымы басталуына байланысты балық аулауға тыйым салынатын мерзімдер белгілі болды.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2018 жылғы 30 наурызындағы № 40-п бұйрығына сәйкес, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашуы және көбеюі кезінде келесі орындар мен мерзімдерде аулауға тыйым салынады:

- Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта тыйым салу белгіленсін;

- жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Аягөз өзенінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;

- Зайсан көлінде және Қарақастан Баты шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;

- Баты шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;

- Шүлбі және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін Ертіс өзенінде 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта белгіленген.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ