Басқа жұмысқа шыға аламын ба?

424
көрілім

Қазір мен декреттік демалыста едім. Білгім келетіні, басқа бір еңбек ұжымына ресми түрде жұмысқа шыға алам ба? Осы жағдайда жылдық жәрдемақы төлемі сақтала ма?

Аягөз ауданынан тұрақты оқырман

Бұл сауалыңыздың жауабы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайтынан табылды:

– Декреттік демалыс кезіндегі басқа ұйымда жұмыс істеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен тыйым салынбаған. Жұмысшы қоса атқарушылық жұмыс туралы еңбек қатынастарында болған жұмыс берушіден басқа, бірнеше жұмыс берушілермен еңбек шартын жасасуға құқылы. Әлеуметтік сақтандыру қорының ақпаратына сәйкес қолданыстағы заңнама бойынша осы факт жәрдемақы төлемін тоқтатуға негіз ретінде қаралмайды.