Биыл Катонқарағай және Көкпекті аудандарын жалғайтын "Васильев" өткеліндегі паромның қызмет көрсету бағасы өсті

829
көрілім

Катонқарағай ауданының әкімдігі 12 мамырдан бастап Бұқтырма суқоймасының Катонқарағай және Көкпекті аудандары жағаларын жалғайтын "Васильев" өткеліндегі паром жұмысының басталғанын хабарлады. Десе де, биылғы баға өткен жылға қарағанда сәл жоғары. Паром қожайынының айтуынша, мұндағы басты себеп жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алу бағасының қымбаттығы көрінеді. Алайда, бағаға қарамай көк айдыны көлкіген Шығыстың тағы бір тамашасын келген қонағына көрсетейін деген жолаушы үшін біздің ақпаратымыз керек болар. Осы себепті "Васильев" өткеліндегі паром қозғалысының кестесі мен өткізілетін техника мен жүкке төленетін төлемақы туралы айтып өтуді жөн көрдік.

Өздеріңізге белгілі, облыс орталығынан өр Алтайдың төрінде орналасқан Катонқарағай ауданына жетудің «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары», «Өскемен-Васильев өткелі-Рахман қайнарлары» және «Өскемен-Самар-Күршім ауданы-Рахман қайнарлары» сияқты үш бағыты бар екені белгілі. Жер жәннатын бетке алған жолаушылардың біразы жаз шыға «жолы жайлы, әрі келген қонақтарға шығыстың тамаша табиғатын көрсетудің бір мүмкіндігі» деп «Васильев» өткелі арқылы төте тартуды жөн көріп жатады. Қалай десек те, таңдау жолаушының өзінде, бастысы діттеген жерге дер кезінде жету. Ал жұмысын бастаған «Одесса» теплоходы көлік пен жүк тасымалдауды қара күзге дейін жалғастырады.

Естеріңізде болса, осыған дейін Күршім және Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын "Қызыл Ту" өткеліндегі "Ертіс" және "Күршім" теплоходтарындағы көлік пен жүк алып өту бағасы мен жүру кестесін жариялап, биылдан бастап бағаның біраз жоғарылағанын хабарлаған едік. Бұл үрдіс биыл "Васильев" өткеліндегі "Одесса" теплоходын да айналып өтпеді. Бұл жөнінде ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Сұлтанов былай деп хабарлады:

- "Одесса" паромымен жеке кәсіпкер Әсия Кудаскина қызмет көрсетеді. Ол Өскемен қаласындағы "Гидросталь" ЖШС-мен шартқа отырған. Соңғы рет жөндеу жұмыстары өткен жылы жүргізілген. Биыл жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер бағасының қымбаттауына орай паромның көліктерді алып өту бағасы 5-8 пайызға көтерілген, - деді жауапты тұлға.

Теплоход ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіп, мамыр айының 12-нен бастап жұмысын бастағанын Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков те растады.

- "Одесса" теплоходына жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл да оған қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген, - деп қосты ол.

 

Біздің анықтама:

Қарт Ертісті есе жүзген «Одесса» теплоходы 1973 жылы жасалған. Жүк көтеру мөлшері 450 тоннаны құрайтын теплоходтың қозғалтқышында 450 аттың күші бар. Жылда жөндеу жұмыстары жүргізілетін теплоход биыл да кезекті жөндеуден өтіп жұмысын бастады.

 

Паромның автокөліктерді алып өту бағасы

(өткен жылғы бағамен салыстырмалы түрде беріліп отыр)

 

Автокөлік маркасы

2017 жылғы баға

(теңгемен)

2018 жылғы баға

(теңгемен)

Жолаушылар тасымалдайтын көліктер

Сыйымдылығы 14 жолаушыға дейінгі шағын автобустар

2500

2700

Сыйымдылығы 14 жолаушыдан асатын шағын автобустар

3000

3200

«Паз» типтес көлік құралдары

4500

5000

Ауылшаруашылығы техникалары

Беларусь тракторы

3500

4000

Тіркемесі бер Беларусь тракторы

4000

4500

К-700

12000

17000

Тіркемесі бар К-700

20000

25000

Комбайн

15000

17000

Тіркемесі бар комбайн

-

20000

Ат-арба

-

500

Жүк көліктері

(алып өту бағасы жүк көтерімділігіне байланысты)

1,5 тоннаға дейінгі автокөліктер

2800

3000

1,5-тен 3 тоннаға дейінгі автокөліктер

3500

3800

3-тен 5 тоннаға дейінгі жүксіз автокөліктер

4500

5500

3-тен 5 тоннаға дейінгі жүк тиелген автокөліктер

-

7500

5-тен 8 тоннаға дейінгі автокөліктер

7000

8500

8-ден 10 тоннаға дейінгі автокөліктер

9000

10000

10-нан 15 тоннаға дейінгі автокөліктер

11000

-

15-тен 20 тоннаға дейінгі автокөліктер

12000

18000

20 тоннадан асатын автокөліктер

17000

20000

Трал

-

22000

1,5 текше метрге дейінгі жүк тиегіштер

-

5500

1,8-ден 2 текше метрге дейінгі жүк тиегіштер

-

6500

3 текше метрге дейінгі жүк тиегіштер

-

7500

Жеңіл көліктер

(алып өту бағасы қозғалтқыш көлемі бойынша анықталады, см3)

Мотоциклдер

500

600

2000 жылдарға дейін шығарылған ВАЗ, Москвич автокөліктері

-

900

Қозғалтқыш көлемі 1400-ге дейінгі автокөліктер

1000

1100

Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 1800-ге дейінгі автокөліктер

1100

1300

Қозғалтқыш көлемі 1900-ден 2200-ге дейінгі автокөліктер

1300

1500

Қозғалтқыш көлемі 2300-ден 2700-ге дейінгі автокөліктер

1500

1700

Қозғалтқыш көлемі 2800-ден 3500-ге дейінгі автокөліктер

1800

2000

Қозғалтқыш көлемі 3600-ден 4000-ға дейінгі автокөліктер

2200

2400

Қозғалтқыш көлемі 4100-ден 6000-ға дейінгі және одан жоғары автокөліктер

2500

2700

Экскаваторлар

0,2-ден 0,5 текше метрге дейінгі экскаваторлар

-

3500

0,5-тен 0,75 текше метрге дейінгі экскаваторлар

-

4500

0,75-тен 1 текше метрге дейінгі экскаваторлар

-

5500

1-ден 1,56-ға дейінгі және одан жоғары текше метрлік экскаваторлар

-

6500

"Газель" типтес көліктер

Газель шағын автобусы

-

2400

Ұзартылған жүк газелі

-

3500

Тентті будка жүк газелі

-

3000

Жолаушылар газелі

-

2800

2000-шы жылдарға дейін шығарылған минивэн көліктер (Фольксваген, Мерседес және т.б.)

-

2000

Таблетка, жүк және жолаушы тасымалдайтын УАЗ көліктері

-

2400

УАЗ көлігі

-

1700

Арнайы рейс

 

30 000+тариф

 

 

«Одесса» теплоходының жүру кестесі

 

Оң жақ жағалау

Сол жақ жағалау

Катонқарағай ауданы

Көкпекті ауданы

7.40

8.00

9.00

10.00

11.00

12.00

13.00

14.00

15.00

16.00

17.00

18.00

19.00

20.00

21.00

22.00

 

Азамат ТЕМІРБЕКОВ