Биыл "Қызыл Ту" өткеліндегі паромдардың көліктерді алып өту бағасы өсті

544
көрілім

Ақпанның аязды күндері аяқтала, Самарқанның көк тасымен бірге жібитін күн райы Шығыстағы өзен-көлдердің бетіндегі көк мұзды жұқартып, қозының терісіндей қабыршаққа айналдыратыны белгілі. Бұл әсіресе алты ай қыстың соңына қарай көк айдын бетіндегі мұз өткелі жабылып, айналма жолға кіріптар болып қалатын күршімдіктер үшін қиын кезең екені де рас. Десек те, наурыз айының соңына қарай көптен күткен жағымды жаңалық орнап, Күршім мен Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын "Қызыл Ту" өткелінде паром қозғалысы басталады. Биыл да бұл дәстүр алған бетінен танбай, сәуір айының бел ортасынан бастап бір паром қос жағаны жалғап жүре бастады. Алайда, паром жұмысы басталар-басталмаста газет редакциясының телефонына тыным таптырмаған күршімдіктер бірде паром кіреберісінің жөнделмегенін алға тартса, енді бірде көлікті алып өту құны қымбаттаған паромның кестеге сай жүрмейтініне шағымданды. Осы себепті жол мұратын жоқтаған жолаушының мұңын назардан тыс қалдырмау мақсатында мәселенің мән-жайын біз де анықтап көрдік.

Жаңа қожайын келді

Биылдан бастап қос жағаны жалғайтын екі паромның қожайыны ауысты. Бұл жөнінде газет редакциясына ресми хатпен жауап берген "Қалқымалы өткел" ЖШС хабарлап отыр. Аталмыш ұйымның берген жауабына сүйенсек, биылғы жылдың наурыз айында өткен электронды тендерге сәйкес, екі паромды да "Құйған айлағы" ЖШС келешекте сатып алу мүмкіндігімен үш жылға жалға алған көрінеді.

- Қазіргі уақытта "Қызыл Ту" өткелінде екі паром бар, - дейді "Қалқымалы өткел" ЖШС басшылығы. - Бүгінде оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Екіншісі 2018 жылдың 1-ші мамырынан бастап жұмысқа кіріседі. Екінші паромның кешігу себебі қысқы маусымда оны айлаққа қойған кезде бұрынғы қожайындары жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. Сондай-ақ, паромның кіреберісі мен шығаберісіне де ешқандай жөндеу жүргізілмеген. Жөндеу жұмыстары тек біз қабылдап алғаннан кейін, яғни 14 сәуірден бастап қана қолға алынды.

Өткізу бағасы өсті

Паромның көліктерді алып өту бағасы биыл өткен жылмен салыстырғанда 6,9 пайызға қымбаттаған. Оның басты себебі, қосалқы бөлшек пен жанар-жағармайдың қымбаттығы.

- Екі паром 60 жылдан астам уақыт жұмыс істеуде, - деп қосты "Қалқымалы өткел" ЖШС басшылығы. - Осыншама жыл пайдалануда болған паромдардың көптеген қосалқы бөлшектері ескірген. Өкінішке қарай, кейбір қосалқы бөлшектер қазіргі уақытта зауыттарда жасалмайды. Ескіргендерін жаңарту үшін шет мемлекеттерден тапсырыспен алдырамыз. Сонымен қатар, теңгенің құлдырауы, жанар-жағармай бағасының өсуі де көліктерді алып өту бағасына әсер етіп отыр. Биылғы бағаны біз облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен келісіп қойдық.

Паромның сәуір айына арналған кестесінің 1 мамырдан бастап қайтадан өзгеріске ұшырайтынын хабарлаған мекеме басшылығы, алдағы уақытта қос паром жұмысы жолға қойылып, уақтылы қатынай бастайтынын айтты.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ

"Күршім" және "Ертіс" паромдарының жұмыс кестесі

Жүру уақыты

Күршім ауданы жағынан

06.00

08.00

10.00

12.00

14.00

16.00

18.00

20.00

Жүру уақыты

Көкпекті ауданы жағынан

07.00

09.00

11.00

13.00

15.00

17.00

19.00

21.00

Паромның автокөліктерді алып өту бағасы

(өткен жылғы бағамен салыстырмалы түрде беріліп отыр)

Автокөлік маркасы

2017 жылғы баға

(теңгемен)

2018 жылғы баға

(теңгемен)

Қозғалтқыш көлемі 0,8-ден 1,6-ға дейінгі автокөліктер

1200

1300

Қозғалтқыш көлемі 1,8-ден 2,4-ке дейінгі автокөліктер

1800

1900

Қозғалтқыш көлемі 2,5-тен 3-ке дейінгі автокөліктер

2400

2500

Қозғалтқыш көлемі 3,2-ден 4,5-ке дейінгі автокөліктер

3000

3200

Қозғалтқыш көлемі 4,7-ден 6-ға дейінгі автокөліктер

3600

3800

Кавз, Сайрам, ПАЗ-672, Қытайда жасалған автобустар

4800

5100

Шағынавтобустар, Газель (бағыттағы)

3000

3200

Әлеуметтік автобустар

3600

3800

Жүк газелі, тентті будка

4200

4500

Ұзын жүк газелі

4800

5100

Эвакуатор (бос)

6000

6400

Эвакуатор (жүк тиелген)

8400

9000

Коляскалы мотоцикл

600

600

Жеңіл автокөліктің тіркемесі

600

600

Джип көлігінің тіркемесі

1200

1300

УАЗ, УАЗ таблетка, бортты УАЗ

3000

3200

Қытай жүк көліктері, форланд

4800

5100

Газ-52, Газ-52 (бензовоз, будка), Зил (бычок)

6000

6400

Газ-53, Газ-53 (бензовоз, будка), Газ-66

6000

6400

Зил, Зил-131 (бензовоз, газовоз, будка, самосвал)

8400

9000

Жартылай тіркеме

10800

11500

К-700, тіркемесі бар КамАЗ, бос Дайман

18000

19200

Тіркемесі бар КамАЗ, жүк тиелген Дайман

24000

25600

Урал, Краз, Маз, КамАЗ

12000

12800

КамАЗ бензовоз, Маз, Урал

12000

12800

Салмағы 10 тоннадан жоғары Камаз

Әр тоннасына — 1200 теңге

Әр тоннасына — 1300 теңге

Жүгі бар және жоқ бензовоз

24000

25600

Беларусь тракторы

6000

6400

Тіркемесі бар Беларусь тракторы

8400

9000

Жүксіз Шансиман

24000

25600

Жүк тиелген Шансиман

30000

32000

Жүксіз тіркемесімен

30000

32000

Жүк тиелген тіркемесімен

36000

38400

Тралдар

30000

32000

Салмағы 5 тоннаға дейінгі манипуляторлар

7200

7700

Салмағы 5 тоннадан асатын манипуляторлар

Әр тоннасына — 1200 теңге

Әр тоннасына — 1300 теңге

20 тоннаға дейінгі ауыр жүк тіркемелері

12000

12800

20-дан 30 тоннаға дейінгі ауыр жүк тіркемелері

18000

19200

1,5 ш.м-ге дейінгі жүк тиегіштер

8400

9000

1,8-ден 2 ш.м-ге дейінгі жүк тиегіштер

12000

12800

3 ш.м-лік жүк тиегіштер

18000

19200

5-тен10 тоннаға дейінгі кран

6000-12000

6400-12800

10-нан 15 тоннаға дейінгі кран

12000-18000

12800-19200

15-тен 20 тоннаға дейінгі кран

18000-24000

19200-25600

20-дан 30 тоннаға дейінгі кран

24000-36000

25600-38400

0,2-ден 0,5 ш.м-ге дейінгі экскаватор

6000

6400

0,5-тен 0,75 ш.м-ге дейінгі экскаватор

8400

9000

0,75-тен 1,0 ш.м-ге дейінгі экскаватор

12000

12800

1,0-ден 1,56 ш.м-ге дейінгі экскаватор

15600

16600

Арнайы рейс бағасы

60000

64000