Биылғы қыс қандай болады?

307
көрілім

«Қазгидромет» мамандары қыс мезгіліне арналған ауа-райы болжамын жария етті. Гидрометерологиялық орталық директоры Марина Шмидтің айтуынша, алдағы қыста қатты аяз болып, қар қалың түседі.

– Желтоқсан айында суық антициклонның жиі енуіне байланысты ауаның орташа айлық температурасы 1 °С төмен болып, қар аз жауады деп күтіліп отыр. Тек еліміздің батыс және шығыс өңірлерінің температуралық аясы нормаға жуық болмақ. Қардың мөлшері солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік облыстарының кей жерлерінде, сонымен қатар оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың тау және тау-бөктерлі аймақтарында нормаға жуық жауады, – дейді Марина Шмид.

2019 жылғы қаңтар айында Сібір антициклонның орнауымен еліміздің көптеген өңірлерінде сарышұнақ аяз түсіп, қар аз жауады. Тек еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында қыс айтарлықтай жұмсақ болады. Жауатын қардың мөлшері батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы тау-бөктерлі аймақтардың кей жерлерінде мөлшерге жуық болады деп күтілуде.

Марина Шмидтің айтуынша, ақпан айында суық ауа массаларының енуіне байланысты ауаның орташа айлық температурасы 1...2 °С төмен болмақ. Тек оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа райы климаттық нормаға сәйкес келеді деп болжануда. Жауатын қардың мөлшері еліміздің батыс және онтүстік-шығыс облыстарында, сонымен қатар оңтүстік және шығыстағы тау-бөктерлі аймақтардың кей жерлерінде қалыпты шамада күтіледі.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ