Бородулиха ауданында 3 тонна арпа ұрламақ болған ер адамдар ұсталды

300
көрілім

Бородулиха аудандық полиция бөліміне 55 жастағы тұрғын қоңырау шалып, белгісіз біреулердің комбайн бункерінен арпа ұрламақ болғанын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға аудандағы коммуналды шаруашылықтың бірінде орын алды. Комбайн бункерінен арпа ұрлап, пайда көрмек болған төрт жігіт қолға түсті.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары кезінде 19, 27, 32 және 40  жастағы ер адамдарды қамауға алған. Айыпталушылардың біреуі шаруашылықта механизатор болып істеген.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.